«Бақытжан» мешіті әйел жамағатына пайдалы семинар өткізілді 3210

«Бақытжан» мешіті әйел жамағатына пайдалы семинар өткізілді

14 ақпан 2024 1256 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешіті әйел жамағатына қасиетті Рамазан айы алдында білікті маманмен «Сапалы, қуатты Рамазан» атты семинар өткізілді. Семинардың басты спикері Ақтөбе Медицина Университеті түлегі, интегративті нутрициолог Ажниязова Айымгүл болды.

Семинардың алғы сөзін алған ұстаз А.Қойшығұлова Рамазанға дайындықты ертерек бастаудың маңызын ескерте отыра, сауаптар еселенетін Рамазан айын мейлінше пайдалы, сапалы өткізу үшін денсаулық пен әл-қуаттың қажеттігін атап кетті. Нутрициолог маман өз кезегінде «Дұрыс тамақтану. Тағамдар құрамы. Тағамның саны мен сапасы. Ағзалардың жұмысын жақсарту» мәселесі төңірегінде біраз пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ жиналған жамағаттың денсаулыққа қатысты түрлі бағыттағы сұрақтарына толыққанды жауап берді .

Семинарға 50-ден аса жамағат қатысып, пайдалы семинар үшін ризашылықтарын білдірді



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі