Мәртөкте 500 келі картоп үлестірілді 3221

Мәртөкте 500 келі картоп үлестірілді

29 ақпан 2024 168 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының бас имамы Иманғали Марал имамның ұйымдастыруымен аудандық мешітте жергілікті 50 мұқтаж отбасыға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» жобасы аясында 500 келі картоп үлестірілді. Әр отбасыға 10 келіден таратылды.

Қайырымдылық жергілікті егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің Алланың алдындағы зекет парызы, соның ішінде ұшыр зекетін беруге ықыласын білдіруімен жүзеге асты. Алла зекетін қабыл етсін дейміз.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспсөз қызметі