Қари жамағатпен 4-ші рет Құран хатым жасады 3217

Қари жамағатпен 4-ші рет Құран хатым жасады

29 ақпан 2024 182 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде таң және құптан намаздарынан кейін облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Әлденов 4-ші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті. Наиб имам Алмат Әли мен Бекжан Әлденов құптан намазына келген жамағатпен бірге Құран Хатым батасын жасады.

Бекжан қари «Елімізде жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету идеясын Мысыр мен Түркия елінде ілім алып жүргенімде мақсат еттім. Бұл сауабы мол игі шараға 2021 жылдың маусым айында Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе облысының Бас имамы болып тағайындалғаннан кейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінінде қолға алынды. Алланың қалауымен сол уақыттан бері күнделікті жүйелі түрде түрде үзіліссіз таң намазында 2 бет, құптан намазына 2 беттен жатқа «Бақара» сүресінен бастап оқып, «Нәс» сүресімен бүгін аяқтадық.

Рас, елімізде қариларымыз Құран Кәрімді хатым етіп жүр, алайда жүйелі түрде үзіліссіз күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету сирек кездеседі. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар)-делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі. Күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету қариларымызға өздерін үнемі пысықтау үшін аса қажет болса, жамағаттың Құранға деген махабаттын арттыруға апаратын жол», -дейді Бекжан қари Әлденов.

Одан өзге наиб имам Бекжан қари Әлденовке «Нұр Ғасыр» мешітінің және ақтөбелік жамағат Алланың сөзіне, Құранға, қариға құрмет ретінде 700 жүз мың теңге табыс етті.

Әр шаңырақта Құранға амал етуші қарилар көп болсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспсөз қызметі