Зират және зиярат мәдениетіндегі бірізділікке қолдау білдірді 3781

Зират және зиярат мәдениетіндегі бірізділікке қолдау білдірді

03 қазан 2024 296 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті ақсақалдармен дастархан басында арнайы жиын өтті.

Игі шарада Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Қарты бар елдің қазынасы бар» дегендей, аға ұрпақ өкілдерінің көмегі мен ықпалы қашан да маңызды екендігіне тоқталды.

Басқосуда ақсақалдарға дастархан жайылып, қабір зиратын бір ізге түсіру, ас беру мәдениеті, қабір басындағы күмбез, жерлеу мәселесі сынды өзекті тақырыптар қозғалып, көтерілген мәселелер толықтай қолдау тапты.

Сондай-ақ, имамдар ақсақалдарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Жиын соңында мешіт ақсақалдары алғысын білдіріп, бата берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі