Бас имам спорт жаттықтырушыларымен кездесті
Ақтөбе қаласында жат діни көзқарастың алдын алу үшін ұйымдастырылған «Дін мен дәстүр» тақырыбында спорт жаттықтырушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев, РАНТ мүшелері Қанат Алшынбаев пен Сәкен Алдашбаев қатысты. Жиында сөз алған бас имам бабалардан мирас болып қалған асыл дініміз ислам мен ата дәстүріміздің сабақтастығына тоқталып, дұрыс діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндірді. РАНТ мүшелері өз кезегінде спортшыларға жат ағымның сипаттары мен діни сенімдеріне тоқталып, сақтанудың жолдарына бағыттады.