Аудан бас имамына қажылық сертификаты табысталды
Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық мешітінің Бас имамы Ерік Сұлтановқа қажылық сертификаты табысталды. Жергілікті мешіттің жамағаты әрі дін жанашыры болған кәсіпкер азаматтың демеушілігімен берілген сертификат мешітке жиналған жамағат алдында имамға табысталды. Ауданға арнайы қажылық және умраға дайындық дәрістерін өткізуге барған ҚМДБ «Қажылық» бөлімі және «Тауаф Тревел» компаниясының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Ержан Мизамов сертификатты кәсіпкер ағамызбен бірге ауданның бас имамына арнайы қолына ұстатты. Алла жомарттық жасап, дін қызметкеріне көңіл бөлген ағамызға разы болсын деп тілейміз.