Ораза айт құрметіне орай футбол турнирі өтті
ҚМДБ «Жастар ісі секторы» және «Қажылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі жауапты мамандарының ұйымдастыруымен Ораза ай құрметіне орай шағын футболдан ашық турнир өтті.
Сәуір айының 4-5-6 күндері Ақтөбе қаласында Ораза айт құрметіне арналған шағын футболдан жарыс белсенді өтті. Аталған жарысқа қаламыздың үздік әрі шебер футболшыларынан құралған 16 команда қатысты.
Шара соңында Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев және Ақтөбе облыстық маслихат депутаты Амантай Үмбетай қатысушыларға алғыс айтып, алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-ші орынды «Металлург» командасы иеленіп 150 000 теңге сыйақы алса , 2-ші орынды қаламыздың белсенді командасы “FC Zhastar” құрамасы иеленіп 100 000 теңге сыйақы алды. Ал жүлделі 3-ші орынды ең жас құрама “Қоржан” командасы иеленіп 50 000 теңге сыйақы алды. 4-ші орын “Қамқор” командасына бұйырып, “Көрермен көзайымы” номинациясы берілді. Және 20 000 мың теңгелік сертификат берілді.
Жүлделі орындардан тыс номинациалар бар:
Үздік қақпашы “Рысбай Наурызбек” Қоржын командасы
Үздік қорғаушы “Ибраймов Медет” Қамқор командасы
Үздік шабуылшы “Даулетов Бекжан” FC Zhastar командасы
Үздік ойыншы “Сатыбалдин Ислам” Металлург командасы
Аталған шараға демеушілік білдерген кәсіпкерлер: Rakhmet Group, football store, Paidam tise, Ps4 Erla, Metro game centre, Bro dobro, Tuba, Alash Gaz, isker tilshi, batys taza su, saki maki, хикмет оқу орталықтарына Алла разы болсын деп тілейміз.