11 Зул-Қағда
Ақтөбе мешіттерінде ораза айтта ұлттық ойындар өтті 4401

Ақтөбе мешіттерінде ораза айтта ұлттық ойындар өтті

03 сәуір 2025 696 Оқу 1 минут

Ақтөбеде облыс бойынша барлық мешіттерде күллі мұсылман үшін ұлық мереке Ораза айтта ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл он бір ұлттық ойындардан атап айтсақ, бәйге, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, аударыспақ, өгіз тартыс, қой көтеру, арқан тартыс, жебе тарту, асық ату, ләңгі тебуден сайыстар өтіп, үздіктер марапатталды. Іс-шара барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, салт-дәстүріміз насихатталды. Дәстүрімізді жаңғыртқан ұлттық шарада қазақы нақыштағы жәдігерлер таныстырылып, алтыбақан орнатылды. Айттық дастарханы жайылып, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.