6 Зул-Қағда
Ақтөбе: Марқұм болған дін қызметкерлеріне Құран хатым дұғасы жасалды 4402

Ақтөбе: Марқұм болған дін қызметкерлеріне Құран хатым дұғасы жасалды

04 сәуір 2025 1285 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан соң облыс бойынша асыл дінімізге қызмет етіп, халқымыздың діни білімі мен руханиятына елеулі үлес қосқан марқұм болған дін қызметкерлеріне Құран хатым дұғасы жасалды.

Мешіттерде қызмет еткен марқұм дін қызметкерлерінің есімдерін атап, Алла Тағаладан рақым етіп, жатқан жерлері жайлы, жандары жәннатта болуын тіледі.

Алла Тағала марқұм имамдарға рақым етіп, жұмақтан орын бергей! Әмин!