СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 2104

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

15 қыркүйек 2022 144 Оқу 1 минут

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында алқалы жиын делегаттарының қатысуымен жаңа Бейбітшілік пен келісім саябағында 60-тан астам ағаш отырғызылды.

Елорда әкімдігінің қолдауымен Есіл өзенінің бойынан Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Жаңа саябаққа съезд делегаттары 60-тан астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Ағаш отырғызу рәсіміне ҚМДБ атынан наиб мүфтилер Кенжәлі Қоңыратбайұлы мен Сансызбай Құрбанұлы қатысты.

Айта кетейік, саябақ құрылысы 2023 жылы толықтай аяқталып, ел игілігіне беріледі.