Облыстың «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірті жеңімпаз атанды 2102

Облыстың «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірті жеңімпаз атанды

14 қыркүйек 2022 316 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Дін мәселері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы әйел жамағатының арасында «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» атты шығармашылық байқауы өтіп, «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірті жеңімпаз атанды. 

Аталған байқауға ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты мешіттердің ұстаздарды жетекшілік танытып, шәкірттер қатысты. Салт-дәстүр мен ата заң қабысқан байқауда облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызының шәкірті Айгерім Бисалиева топ жарды.

Әйел жамағаттарының арасында шығармашылық байқау 3 бөлімнен тұрды. Атап айтқанда, шәкірт І бөлімінде ақын М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыса, ІІ бөлімінде салт-дәстүрге байланысты ұстазымен «Тұсау кесу» туралы көрініске қатысты. Ал ІІІ бөлімде ата-Заң,әдет-ғұрып, Қазақстан тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Әділқазылардың шешімі бойынша облыстық мешіттің шәкірті өзгелерден озық өнер көрсетіп, білім додасында зеректігімен көзге түсіп, І-ші орынға ие болып, жеңімпаз ретінде смартфонмен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алар асуларыңыз аласырмасын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі