Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен жерлестеріміз үшін дұға жасалды 2092

Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен жерлестеріміз үшін дұға жасалды

13 қыркүйек 2022 137 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ұстаз Ардақ Бағдалқызы шәкірттерімен Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен жерлестеріміз үшін дұға жасады. 

Ұстаз қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап, бата қайырды. Одан өзге жарақат алған жандардың тез сауығып кетуін тіледі.

Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі апат пен қауіп қатерден сақтағай!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі