Әйелдер арасында «Отбасылық сайыс» өтті
"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты мен балаларына арналған "Алғыс айту парызым" атты шығармашылық сайыс өтті. Бұл сайыстың ұйымдастырылуына "Ақтөбе қалалық дін орталығы" мұрындық болды. Сайысқа 5 отбасы қатысып, өздерінің шығармашылық, өнер және білім саласы бойынша қабілеттерін ортаған салды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеіде аналары мен балалары қазақтың қанына сіңіп, ұрпағына берер тәлім-тәрбиесінің төресі болған алғыс айту, жақсылыққа -жақсылықпен жауап беру, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік, адамгершілік қасиеттерді насихаттап дәріптейтін қызықты тапсырмаларды қамтыды. Аналар мен балалары бір біріне алғыс айтып, ыстық сезімдерін білдіріп, бірге сурет салып берекелі уақыт өткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1-орын: Сапарбаева Жадыра және ұлы Ахмад ( ауа ылғалдандырғыш)
2-орын: Карипжанова Гүлжан және қызы Айзере (бу өтегі)
3-орын: Гаухар Түгелбайқызы және ұлы Абдулла (смарт сағат)
Қалған екі топқа да ынталандыру сыйлығы (қаьырға сағаты) сыйланды.