Ақтөбе имамдарына «Халал – шариғат талабы» семинары өткізілді 3954

Ақтөбе имамдарына «Халал – шариғат талабы» семинары өткізілді

24 қараша 2024 185 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты мамандарының ұйымдастырыумен «Халал – шариғат талабы» тақырыбында аймақтық-танымдық семинары өтті. Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұйымдастырылған семинарға қала мешіттерінің бас имамдары қатысты. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Талғат Аманов имамдарға халал өнімдер мен халал стандарттау жұмысымен таныстырды.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады. Нақтырақ айтқанда, халал стандартын қажет етпейтін құрылым жоқ. Осы орайда халал стандарттың шариғи үкімін де білген дұрыс. Себебі аят-хадис адам баласын харамнан аулақ болуға үндейді. Үлкен білім иесі ибн Касир: «Харам етілген дүниелерді пайдалану құлшылықтың қабыл болмауына соқтырады», – деген Алмат Әлиұлы халал мен харамды ажырата білу ауадай қажет екендігін және халал стандарты талаптары мен ерекшеліктерін жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті имамдарға өңірде халал жөнінде ақпарттандыру жұмыстарын жетілдіріп, үгіт-насихат шараларын арттыруды тапсырды. Семинар барысында кәсіпорындарға қалай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін және енгізілген өзгерістер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харамдығын дәлелдеп берді.