Ұлы жібек жолы бойындағы «Көкжар» мешіті таныстырылды
Ақтөбе облысы имамдары ҚМДБ «Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Ақтөбе жамағатына тарихы тереңде жатқан «Көкжар» мешітін таныстырды. «Көкжар мешіт» Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы орталығында орналасқан. Алғаш зерттеу жүмыстары 1973 жылы жүргізіліп, ескерткіш паспорты дайындалды. Мешіт 1893 жылы салына бастады. Ірге тасы жабайы таспен төселіп,Патша үкіметіне дейін көрші жатқан мұсылман елдерінің саудагерлерінің ұйтқысы болған өңірде «Көкжар» мешіті діни ағартушылық бағытында жұмыс жасаған.
Алғашқы бас имамы Сағидолла Ізтілеуов араб, парсы, орыс тілдерін игерген сауатты адам болған. 1926 аталған мешітте хазірет болды.
Бұл мешіттің жанында Ұлы жібек жолы керуені бойында орналасқан «Көкжар» жәрмеңкесі орналасқан.