Шариғат және пәтуа өкілі имамдарға семинар өткізді 3953

Шариғат және пәтуа өкілі имамдарға семинар өткізді

24 қараша 2024 181 Оқу 1 минут

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Талғат Амановтың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы имамдарына «ҚМДБ ғұламалар кеңесі бекіткен пәтуаларды таныстыру» атты семинар өтті.

Семинарда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің облыстағы маманы имамдарға дәріс оқыды.

Дәріс барысында неке және отбасы, фиқһ саласы, ақида мәселелері т.б. ҚМДБ тарапынан қабылданған пәтуалардың мазмұны түсіндіріліп, оны халыққа жеткізу жолдары, әдіс-тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар Қалыңмал жайында дініміз не дейді?, Шұлыққа мәсіх тарту турасында, ЭКО жасанды ұрықтандыру мәселесі, Халал бойынша ҚМДБ пәтуалары талқыланды, Спирт қосылған тағамдардың, тәттілердің үкімі, Желатиннің үкімі мәселелері кеңінен талқыланды.