33 отбасыға 20 тонна көмір таратылды 3947

33 отбасыға 20 тонна көмір таратылды

24 қараша 2024 75 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында 33 отбасыға көмір берілді. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен аталған іске қолы ашық, жомарт азаматтар демеушілік етіп, көмекке мұқтаж отбасыларға 20 тонна тарту етілді. Қыс маусымы басталғалы көгілдір отынмен қамтамасыз етілмеген отбасылар біраз қиналатыны анық. Осындай жандарға аз да болса жәрдем етіп, көмек қолын созу мұсылман баласының міндеті. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : “ Өзіңе тілегенді өзгеге тілемейінше толық иман келтірген болмайсыңдар,”-деп насихат еткен.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасына 460мың теңге қаражат жұмсалды.

Игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз!