Имамдар “Көшпелі уағыз-насихат керуені” бойынша насихат жүргізді 4929

Имамдар “Көшпелі уағыз-насихат керуені” бойынша насихат жүргізді

11 қазан 2025 126 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Көшпелі уағыз-насихат керуені” жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы мешіттерде рухани іс-шаралар жалғасын тапты. Қаланың бас имамы Алмат Амангелдіұлы “Сүлеймен ата” мешітіне арнайы барып, жамағатпен жүздесіп, діни-ағартушылық бағытта насихат жүргізді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы “Досжан хазрет” мешітінде, “Бақытжан” мешітінің бас имамы Ержан Мизамов Ақтөбе қалалық орталық мешітінде, “Әзіреті Біләл” мешітінің ұстазы Есентемір Тойбазарұлы “Ар-Рахим” мешітінде және “Досжан хазрет” мешітінің наиб имамы Мейрамбек Жетесов “Анашым” мешітінде жамағатпен кездесті.

Барлық кездесулерде имамдар “Дүние — ақырет егістігі” атты тақырыпта тағылымды уағыз-насихат айтты. Әрбір мешітте өткен бұл кездесулердің мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, имандылыққа, ізгі амалға, ақырет қамына мән беруге үндеу болды.

Керуен аясында имамдар жамағаттың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, өмір мен ақырет арасындағы байланысты түсіндіріп, мұсылманның өмірлік ұстанымы мен жауапкершілігі туралы әсерлі ой қозғады.