Жаңа бас имам жамағатпен дастарханда жүздесті 4928

Жаңа бас имам жамағатпен дастарханда жүздесті

11 қазан 2025 232 Оқу 1 минут

Әл-Ләтиф мешітінде жамағаттың ынтымағын арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан “Бірлігі жарасқан жамағат” атты рухани басқосудың кезекті отырысы өтті.

Мешіттің бас имамы Аманғосов Рүстембек жамағатқа Ислам дінінің үш негізгі тірегі — Ислам, Иман және Ихсан туралы әсерлі уағыз айтып, әрбір мұсылманның осы үш негізді жүрегіне орнықтыруы керектігін түсіндірді.

Жамағаттың алған ілімдерін бекіте түсу мақсатында сұрақтар қойылып, мазмұнды сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.

Басқосу барысында жамағат белсенділік танытып, имаммен сұхбат арқылы көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Бұл игі шара жамағаттың рухани бірлігін күшейтіп, дін жолында білім мен амалдың қатар жүруінің маңызын айқындады.

Абай атамыздың даналық сөзімен айтқанда:

“Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос.”

Бұл өсиет — мұсылманның жүрегіне берік ұялаған бірлік пен бауырмалдықтың айғағы іспетті.