Ақтөбелік қари Республикалық Құран жарысының жүлдегері атанды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өтіп жатқан екі күндік Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқаудың алғашқы күні өз мәресіне жетті.
Жарыстық кезеңде 10 пара, 20 пара, 30 пара (толық Құран) санатында Құранды жатқа оқу бойынша үміткерлер бақ сынады. Сондай-ақ Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша сайыс өтті.
80 үміткер қатысқан байқауда Ақтөбе өңірінің атынан барған Хамитов Мырзабек Құранның 20 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша 4-орынды иеленіп, 800 000 теңге сыйақыны қанжығасына байлады.
Елге жеңіспен оралған жергілікті қари Хамитов Мырзабекті Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев және жамағат қуанышпен қарсы алып, өз құттықтауларын жеткізді.
Еске сала кетсек, аталған Республикалық Құран сайысында Ақтөбе облыстық орталық Нұр ғасыр мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қаласы, ҚАрилар дайындау орталығының директоры Бекжан қари Әлденов Ақтөбе өңірінің атынан тұңғыш рет әділқазылар алқасы құрамында төрелік етті.


















































