Желтоқсан құрбандарына Құран хатым дұғасы бағышталды 5096

Желтоқсан құрбандарына Құран хатым дұғасы бағышталды

17 желтоқсан 2025 145 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында «Әл-ләтиф» мешітінде Құран хатым оқылып, дұға бағышталды.

Шара барысында елдің азаттығы мен егемендігі үшін күрескен боздақтардың рухына Құран аяттары оқылып, олардың ерлігі мен қайсарлығы еске алынды. Жиналған жамағат Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан және жапа шеккен азаматтардың рухына Алладан рақым тілеп, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Бұл тағзым – Тәуелсіздікті сыйлаған боздақтардың рухына көрсетілген құрмет әрі кейінгі ұрпаққа отансүйгіштік пен елжандылықты насихаттаудың жарқын үлгісі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі