Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды 5091

Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

16 желтоқсан 2025 122 Оқу 1 минут

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Әл-ләтиф» мешітінің жамағаты арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсатында футболдан жарыс ұйымдастырылды. 

Спорттық сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, әділ бәсеке мен достық рухтың айқын көрінісі тапты.

Мұндай игі бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуына және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға септігін тигізеді деді мешіттің бас имамы Рүстембек Аманғосов. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі