Облыстық мешітте Тәуелсіздік күніне орай 60 отбасыға қайырымдылық жасалды 5090

Облыстық мешітте Тәуелсіздік күніне орай 60 отбасыға қайырымдылық жасалды

16 желтоқсан 2025 215 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымыдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Тайқазан» жобасы аясында кезекті қайырымдылық шарасы өтті. 

Сауабы мол игі іске облыстың Бас имамы Амантай Садиев және наиб имамдар мен ұстаздар қатысты.

Облыстың Бас имамы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті. Сондай-ақ осы игі іске атсалысқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдіріп, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.

Шара қортындысында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарды құрайтын 60 отбасыға 2 тоннаға жуық азық-түлік салынған қоржындар таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі