Облыстың Бас имамы «Мұнара» арнасында қонақ болды
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев республикалық «Мұнара» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды.
Эфир барысында «Қасиетті үш ай» тақырыбындағы сүбелі сұхбат берді.
Облыстың Бас имамы құлшылыққа құлшындырар үш айдың қадірлі, қасиетті болуының өзіндік себептерін баяндады.
Сонымен қатар журналист Ақтолқын Тажикованың тақырып аясында қойылған сұрақтарына жіті жауап берді.
Аталған сұхбатты осы жұма күні сағат 11.30 және 20.30-да республикалық «Мұнара» телеарнасын @munara_tv_official Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар.