Абай танымындағы таухид
Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында. Алаш зиялыларының жетекшісі Хәкім Абайдың тек ақын емес, ислам ғұламасы һәм заманының озық ойшылы екенін білгенінде шүбә жоқ. Алайда, Абай мұрасын сақтап А.Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу» үшін ақындық қырын ғана жазуда. Өйткені, кешегі қанды жүйе қазақ руханиятының талай тарландарының есімі мен еңбектерін тарихтан біржолата жойып жіберді.





































