АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ ҚОШТАСУ ҚАЖЫЛЫҒЫ
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғанына тоғыз жылдан асқан еді. Меккенің ашылуымен Ислам нұры бүкіл араб жазирасына тарап, адамдар асыл дінімізді қабылдау үшін Мәдина қаласына жан-жақтан ағылып жатқан болатын. Ұлы хикмет иесі Жаратушы Алла кемел діннің соңғы кірпіші ретінде хижреттің 9-жылы мұсылмандарға қажылық құлшылығын парыз етті.





































