АСЫҢДЫ АДАЛДА
Алла Тағала жер бетінде сансыз нығметтерді жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Әр уақыт пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыны жеп-ішуден сақтануы қажет.





































