Жаңалықтар
18 наурыз 2026 50
МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ОРДАСЫ

Дінімізде ең үлкен құндылықтардың бірі – мешіт. Мешіт сөзі тілдік тұрғыда «мәсжид» сөзінен шығып, «сәждеге бас қоятын орын» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатымызда: «Мұсылмандар жиналып намаз оқитын, өзге де құлшылықтарын жасайтын қасиетті мекен» деген ұғымды білдіреді. Мешітте көңіл жабырқау жандар пана тауып, өмірден тауқымет көріп, қиналып жүрген адамдар демеу көретін жер деп те атауға болады. Сол себепті де мешіт деген кезде ең әуелі оның сыртқы зәулім көрінісі ғана емес, адам жүрегін рахатқа кенелтіп, жан-дүниесін қанаттандырып жіберетін рухани жағы ерекше аталуы тиіс. Сонымен қатар мешітте дүние ісімен емес Алланы ұлықтаумен, Алланы еске алумен айналысуымыз керек.

Жаңалықтар
17 наурыз 2026 52
ЖӘННАТ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ

Жұмақ – адам баласына бұл өмірде қуаныш сыйлайтын, көңіліңді жұбатып, бақытты ғұмырға жетелейтін мекен. Адам баласы бұл дүниеде жәннатты көре алмағанымен Құран және хадистерде келген мәліметтер бойынша сенеді, иланады.

Жаңалықтар
15 наурыз 2026 62
Уақып деген не?

Дінімізде қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де, адамның ақыреті мен осы дүниесі үшін де ең ізгі амалдардың бірі – уақып ісі. Уақып сөздікте «ұстау» деген мағынаны білдірсе, ал, терминдік мағынасы: «Белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану». Уақыптың үкімі Құран және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен, сонымен қатар ислам ғұламаларының бір ауыздан келісуімен бекітілген.

Қазақстан қарилары
13 наурыз 2026 46
ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН – МҰСЫЛМАН ЖҮРЕГІНІҢ КӨКТЕМІ

Құран – Алла Тағаланың шексіз мейірімі мен рақымының айқын көріністерінің бірі, адамзат баласына тура жол нұсқаушы қасиетті кітап. Бұл кітап – тек бір қауымға немесе белгілі бір уақытқа ғана арналмаған, ол қияметке дейінгі бүкіл адамзатқа бағыт-бағдар беретін мәңгілік иләһи жолбасшы.

Жаңалықтар
11 наурыз 2026 6
ТЕҢДЕССІЗ УАҚЫТТЫҢ ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ

ЖЕР ЖҮЗІНДЕГІ БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІН БІР СӘТТЕ ТЕРБЕЙТІН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН – ПЕНДЕНІ РУХАНИ БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ТЕҢДЕССІЗ УАҚЫТ. БҰЛ АЙ – ТЕК АШТЫҚ ПЕН ШӨЛГЕ ТӨЗУ ЕМЕС, БӘЛКИ ЖҮРЕКТІ ТӘРБИЕЛЕП, САНАНЫ СЕРГІТЕТІН, САБЫР МЕН ШҮКІРДІ ӨМІР САЛТЫНА АЙНАЛДЫРАТЫН БЕРЕКЕЛІ МЕЗГІЛ.

Жаңалықтар
10 наурыз 2026 8
ӘЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ

Қазақ халқында: «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі мол екенін аңғартатын мағына жатыр. Өйткені, қоғамның, тіпті әлемнің дамуы мен оның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің мол үлесі бар екені ақиқат.