Мақалалар
15 маусым 2023 163
ШИИТТІК БАҒЫТТАҒЫ АҒЫМДАР

«Шиға» сөзі еру, жақтау деген мағынаны білдіреді. «Шиға» сөзі – «хазіреті Әли халифа болуға лайық» деп білген мұсылмандар шоғырына берілген атау. Негізінде шиға мәзһабының шығуына саяси қайшылықтар себеп болған. Шииттер халифалық пен имамдық мәселесінде ақидаға байланысты өзара келіспей, түрлі ағым мен тармақтарға бөлінді.

Мақалалар
15 маусым 2023 163
ТӘҢІРШІЛДІКТІҢ ТҮБІ – ДІНСІЗДІК

Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің, әдеті мен салт-дәстүрінің қалыптасуында негізгі қайнары болып есептеледі. Қазақтың Керей мен Жәнібектен бастап Кенесарыға шейін барлық хандары елді басқару жүйесі, халықаралық қарым-қатынастар және құқықтық заңнамаларда шариғат нормаларына жүгінгені белгілі. Сонымен қатар құқықтық нормалардың басым бөлігі шариғатпен қатар дала әдет-ғұрпымен байланысты екенін атап өту керек. Қазақ би-шешендері, ақын-жазушылары және ғалым-ғұламаларының барлық еңбектерінде шариғаттан аттамағаны байқалады.

Мақалалар
15 маусым 2023 184
СҮЛЕЙМЕНШІЛЕР ЖАМАҒАТЫ КІМДЕР?

Өздерін сопылық Нақышбанди тариқатына жатқызатын «сүлейменшілер» жамағаты қазіргі Болгарияның Дунай (Туна) өзені бойындағы Силистире аймағында дүниеге келген Сүлеймен Хилми Тунахан (1888-1959) атымен аталады. Сүлейменнің әкесі Осман (1845-1928) Құранды жатқа білген хафиз әрі өз заманының танымал ұстазы болған.

Мақалалар
29 мамыр 2023 187
НАМАЗДЫ ЖАЛАҢБАС ОҚУҒА БОЛА МА?

Намаз оқыған кезде адам өзін Жаратушысының құзырында тұрғандай сезіну керек. Әлбетте бұл сәтте оның таза әрі әдемі киімдерді киіп тұрғаны дұрыс. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, зейнеттеріңді (таза һәм әдемі киімдеріңді) киіңдер», – деп бұйырады («Ағраф» сүресі, 31-аят).

Мақалалар
29 мамыр 2023 136
ХАБАШИТТЕР

«Хабашия» жамағатының негізін қалаған – эфиопиялық Абдулла Һарари Хабаши (1910-2008). Ол 1950 жылы Ливанға қоныс аударып, сонда өзінің діни ұстанымын тарата бастайды. Оның неохарижиттік (уаһабилік) қозғалыстарға қарсы көзқарастары жұртшылықтың қызығушылығын тудырып, аз уақыттың ішінде жақтаушыларының саны күрт өседі. 1983 жылы «Ислами қайырымдылық жобалар қауымдастығы» («The Association of Islamic Charitable Projects») атты діни ұйым құрады.

Мақалалар
29 мамыр 2023 135
ДЕОБАНДИ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Деобанди – Британия тарапынан қа­налып отырған Үндістанда пайда болып, Оңтүстік Азия мен Батыс елдерінің ханафи мәзһабын ұстанатын мұсылмандар арасында кең тараған қозғалыс. Бұл жамағаттың негі­зін 1866 жылы үндістандық Мұхаммед Қасым Нанаутауи (1833-1883), Рашид Ахмад Ганго­хи (1829-1905) қалаған. Олар рухани бастау ретінде Монғол империясы тұсындағы ре­форматор, ғалым Шах Уалиуллаһтың көзқа­растары мен уаһабилік ұстанымдарды арқау еткен.

Мақалалар
28 мамыр 2023 399
ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТТЕРІ

Тұран даласына асыл дініміз Ислам келгеннен бастап, қазақ халқы Ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Имам Ағзам һижраның 80 жылында (миләди 699 ж.) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келіп, 150 жылы (миләди 767 ж.) Бағдат қаласында көз жұмған. Толық аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны – «имам Ағзам» (ең үлкен имам) деп атаған.

Мақалалар
28 мамыр 2023 169
ОҢ ҚОЛМЕН ТАМАҚТАНУ МІНДЕТ ПЕ?

Шариғатымызда барлық нәрсенің үкімі мен әдебі Құранда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде, ғалымдарымыздың кітаптарында баяндалған. Салман Фарисидің (Алла оған разы болсын) мүшріктерге жауап бергеніндей, Алла елшісі үмбетіне тіпті әжетханаға кіріп-шығу әдептеріне дейін үйретіп кеткен.

Мақалалар
28 мамыр 2023 196
РЕГРЕССОЛОГИЯ ЖАЙЛЫ ШАРИҒАТЫМЫЗ НЕ ДЕЙДІ?

Регрессология – психотерапия мен психологияда қолданылатын әдіс. Ол адамдарға өткен өмірінде болған оқиғаларды еске түсіруге және талдауға көмектеседі. Бұл әдіс қазіргі кезде адамдарда кездесетін көптеген мәселелердің өткенде, өңделмеген эмоцияларда, жарақаттарда және қақтығыстарда тамыры бар деген болжамға негізделген.

Мақалалар
28 мамыр 2023 134
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУМЕН АЙНАЛЫСУҒА БОЛА МА?

Валюта (ақша) айырбастау шариғатта «сарф» деп аталады. Яғни бір жынысты немесе түрлі жыныстағы нақты ақшаны нақты ақшаға сату дегені. Тарап кетуден бұрын екі тарап ақшаны қолма-қол бір-біріне табыстауы шарт етіледі. Қолма-қол табысталған бөлігіндегі сарф (ақша саудасы) дұрыс болып есептеледі («Фатху бабил ғиная», 2/729).

Мақалалар
28 мамыр 2023 143
ПІРГЕ РАБЫТА ЖАСАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?

«Рабыта» сөзі қазақ тілінде «байланыс» деген ұғымды білдіреді. Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Сабырлық танытыңдар. Барынша сабырлы болуда табанды болыңдар. Бір-біріңе сүйеу болыңдар. Тақуалық аясында өмір сүріңдер. Міне, осылайша құтыласыңдар», – деп бұйырады («Әли Имран» сүресі, 200-аят). Аяттағы етістіктің бұйрық райындағы «рабыта» сөзі «бір-біріңе сүйеу болыңдар» деген мағынада қолданған.

Мақалалар
28 мамыр 2023 192
ИСЛАМ – ҚОҒАМДЫҚ ДІН

Дінсіз адам болғанмен дінсіз қоғам болмайтыны белгілі. Дінсізбін деп жарияға жар салған пенденің де бір сенімі бар. Біздің айтпағымыз, ең әуелі жүректегі сенім дұрыс болса, ұстаған діні таза болады. Ислам – тазалық пен ізгіліктің, имандылықтың жолы. Құранда былай делінген: «Алланың құзырында қабыл болатын хақ дін – Ислам» («Әли Имран» сүресі, 19-аят).

Мақалалар
27 мамыр 2023 227
ТҮС ЖОРУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Ұйықтап жатқанда түс көру – пенде баласына тән тылсымның бірі. Көп адам «түс – тәңірдің аяны» деген сеніммен көрген түсінің «құпиясын» ашуға тырысады. Енді біреулер «түс – түлкінің тезегі» деп, қолды бір сілтеп, мән бермейді. Ұйықтау және түс көру – Алланың кереметінің бірі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Түнгі және күндізгі ұйқыларың әрі Оның кеңшілігінен ризық-несібелеріңді табуларың – Оның айқын дәлелінің бірі. Міне, осының өзінде құлақ асатын жандар үшін айқын белгілер бар», – деген («Рум» сүресі, 23-аят). Ендеше, түс жорудың дініміздегі үкімі қандай?

Мақалалар
27 мамыр 2023 132
«ТАХИЯ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Талайдан бері айтып келе жатырмыз біздің түбімізге «тахияшылар» жетеді деп. «Тахия» дегеніміз не? Сөздік мағынасы – жасыру, бүркеу, тығылу. Терминдік мағынасы – көпшіліктің ығына қарай шынайы бет-бейнесі мен мұрат-мақсатын жасырып, өзіне басқаша шырай, сүйкімді келбет, әдемі реңк беру.