Жаңалықтар
04 маусым 2025 139
АЙТ ПЕН ЖҰМА КҮНДЕРІ БІР КҮНГЕ СӘЙКЕС КЕЛСЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚЫМАСА БОЛАДЫ МА?

Биылғы ораза айт намазы 6 маусым, яғни жұма күніне сәйкес келіп тұр. Осы күні таңертең айт намазы, түсте жұма намазы оқылады. Ханафи, малики және шафиғи мазхаптарында айт пен жұма күндері бір күнге сәйкес келсе, айт намазы мен жұма намазы – екеуі де сол күнде оқылады.

Жаңалықтар
04 маусым 2025 218
Жақсылық пен жанашырлық мерекесі

Құрбан айт — ислам дініндегі ең қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күн мұсылмандарды татулыққа, кешірімге, бауырмалдыққа шақырады. Құрбан шалудың діни мәні қандай? Қандай мал құрбандыққа жарамды? Құрбан шалуға мүмкіндігі жоқ жандар не істей алады? Осы және өзге де сауалдарға жауап алу мақсатында облыстың бас имамы Амантай Садиевпен сұхбаттасқан едік…

Жаңалықтар
03 маусым 2025 209
Құрбан шалудың хикметі неде?

«Құрбан» сөзі араб тілінен аударғанда «жақындау» дегенді білдіреді. Ал ислам шариғатындағы ұғымы – құрбан айт күндерінде Алла Тағаланың разылығын көздеп, арнайы малды шалу амалы.

Жаңалықтар
31 мамыр 2025 86
Рамазан айындағы қайырымдылық

Рамазан айының құрметіне облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 104 отбасына 2 тонна 500 келі азық-түлік таратылды.

Мақалалар
30 мамыр 2025 165
ТОҚТЫ ҚҰРБАНДЫҚҚА ЖАРАЙ МА?

Шариғатта құрбандыққа төрт түлік (қой, ешкі, сиыр, түйе) малды шалады. Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асқаны, сондай-ақ алты айдан асқан тоқты (қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды.

Мақалалар
16 мамыр 2025 156
ҚАЖЫЛЫҚ

Қажылық – исламда бес парыздың бірі. Қажылық құлшылығы Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) қалған өнеге. Бұл – Жаратушы Жаббар иеміздің Құрандағы бұйрығына мүлтіксіз бас иіп, «Ләббайк, Аллаһумма ләббайк!» (Бұйрығыңа мүлтіксіз мойынсұндым иә, Аллам!) деп, тәлбия зікірін айтып, пенденің Құдайға толығымен өзін арнауы. Өйткені қажылық Алланың үйіне қарай (Қағба) бағыт алған жүректердің сапары, мүмин пенденің Раббысына шынайы ықыласымен бет бұрып, өзінің әлсіздігін мойындап, Алланың әмірін орындауы.

Мақалалар
16 мамыр 2025 439
Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Ассалаумағалейкум! Менің құрбандыққа қатысты сұрағым бар еді. Құрбандықты әр адам өз атынан шалу керек екенін білемін. Ал, отбасының барлық мүшелері атынан деп бір ғана адам құрбандық шала алады ма? Тұрмыс құрмаған отбасы мүшелерінің атынан әкесі шала алады ма? Осы сұраққа жауап берсеңіздер. Айнұр.

Мақалалар
07 мамыр 2025 185
АДАЛ ОТБАСЫ АҚ НЕКЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Біздің қазақ қоғамы, жалпы мұсылман әлемі әрқашан отбасының беріктігімен ерекшеленген. Себебі отбасы құндылығы – барша мұсылманның қастерлі ұғымы. Тіпті иман мен неке сонау Адам (оған Алланың сәлемі болсын) атадан бастап, осы уақытқа дейін, тіпті жәннатта жалғасатын құлшылық саналады.