Мақалалар
09 September 2022 172
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – МҰСЫЛМАННЫҢ МІНДЕТІ

Ислам діні мұсылмандарға Жаратушысын танып, Оған құлшылық етумен қатар, Жаратушының жаратқан жаратылыстарына да аса ұқыптылықпен қарауға, қоршаған ортаны қорғап, оны аялауға, тазалық сақтап, ысырап етпеуге үйретеді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ағраф» сүресі, 56-аятында: «Жер беті түзетілгеннен кейін, онда бүлдірушілік жасамаңдар», – деп бұйырған.

Мақалалар
08 September 2022 262
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕГІНІҢ БІР ҚЫРЫ

«Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз». Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жыл Қызылорда қаласынан жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінде осылай дейді. Асыл сөздің негізгі белгілері қандай? Ол несімен асыл? Асыл сөз ғана әдебиет болса, ондай әдебиеттің мақсаты қандай? Асыл сөз терминіне Ұлт ұстазы қандай мән жүктеп отыр? Сөз өнерінің өнімдері (көркем әдебиет, театр, кино т.б.) алып индустрияға айналған қазіргі заманда осы сауалдарға жауап іздеу аса маңызды.

Мақалалар
02 September 2022 265
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ

Асыл дініміз Исламда білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс деп танылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында: «Білгендер мен білмегендер тең бе?» – деп айтқан.

Мақалалар
02 September 2022 177
ӘДІЛДІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды бетбұрыс деп қабылдадым. «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады» деді Президент өз сөзінде. Әділдік бар жерде, береке бар, берекелі қоғам бар. Ал әділдік жоғалған жерде адам өмірінің берекесі болмайды.

Мақалалар
31 August 2022 543
БІЛІМ – САРҚЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҚ

Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім», – деген екен. Бұрынғылар «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп білімнің алмайтын қамалы жоқ екенін меңзеп кеткен. Өзге адаммен, қайсыбір елдермен терезеңіз теңесу үшін де санада білім сайрап тұру керек. Адам баласын күллі жаратылыстан екшелеп, даралап тұратын дүние – ақыл нығметі мен бойына сіңірген күллі білім-парасаты.

Мақалалар
31 August 2022 161
ӘР ІСІҢДІ ӘДІЛДІКПЕН ӘСЕМДЕ

Мұсылманға тән көркем мінездің бірі – әділдік. Бұл сипат мүміннің әр ісінде көрініс табуы тиіс. Әр істен әділдік кетсе адам өмірінің берекесі болмайды. Өйткені Алланың көркем есімдерінің бірі «әл-Адл», яғни Әділетті болғандықтан, әділдікті жақсы көреді. Жаратушы Иеміз Құранның «Нахл» сүресінің 90-аятында әділ болуды бұйырған.

Жаңалықтар
30 August 2022 287
ӘДІЛДІК ПЕН ТЕҢДІК – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Бас мүфти: Әділдік пен теңдік – бәрімізге ортақ құндылық. Расында, әр азамат әділдік пен теңдікті өзінен, өз отбасынан бастауы керек. Сонда ғана қоғамда игілік салтанат құрады. Асыл дініміз адам құқығы мен құндылығын басты орынға қояды. Азаматтардың теңдігіне кепіл болатын Ата заңымызда да адам құндылығы айрықша жазылған.

Жаңалықтар
18 August 2022 184
ҮЗІЛМЕЙТІН САУАП

Әрбір адам осы өмірде ізгі іс жасап, сауап алып, ұрпағына, отбасына, әулетіне, тіпті еліне өнегелі із қалдырып кетуге тырысады. Дінімізде үзілмейтін сауаптың бірі – мешіт салу.

Жаңалықтар
18 August 2022 203
ЖАҚЫНЫҢА ЖАТ БОЛМА

Деструктивті діни ағымның идеологиясына ерген жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу – барша дін қызметкерінің қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Біз де күнделікті діни қызметімізде жат ағым өкілдеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.