Мақалалар
23 шілде 2026 38
БІЛІМСІЗ «ДІНДАР» – ДІН БҰЗАР...

Бiлiм aлу – асыл дініміздің eң бacты құндылығы. Қaзiргi тaңдa лaңкecтiктiк әрекеттердің oрын aлуының нeгiзгi фaктoрлaры дiни бiлiмciздiк пeн нaдaндықтың, дінді дұрыс түсінбеудің caлдaрынaн eкeнiн aнық көрeмiз. Eлiмiзгe тәуeлciздiк aлғaн жылдaры eнтeлeп кiргeн рaдикaлды дiни aғымдaрдың coңы дiни экcтрeмизмгe әкeлiп coқты. Егемендіктің aлғaшқы жылдaры рухaни шөлiркeгeн жacтaрымыз жaппaй шeтeлге бiлiм aлуғa aттaнды. Eркiндiк бeрiлгeн кeздe жacтaрдың aлдыңғы лeгi дiни бiлiм aлaмыз дeп, Үндістан, Пәкicтaн, Cирия, Түркия мeн Aрaб eлдeрiнe aттaнa бacтaды.

Әйел-қыздар секторы
08 шілде 2026 55
ОРАМАЛДЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕ ЗИЯНЫ ТИГЕН КЕЗІ ЖОҚ

Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде «орамалды блогер» ретінде танылып жүрген ару қыздарымыз көбейіп келеді. Олардың бәрі бірдей шариғатты айтып, дін уағыздайды дей алмаймыз. Діни саланың әйел ұстаздарынан бөлек, ас пісіріп, мәзір түрін бөлісіп жүрген, инфобизнес, коуч, фудблогерлікпен айналысатын аруларымыз да бар. Ал көпшілікке спорт журналисі ретінде танылған Назерке Сұлтанбектің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы өзінің сүйікті жұмысы спорт журналистикасымен тығыз байланысты.

Жаңалықтар
08 шілде 2026 62
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ ЖАРАСЫМЫ

«Дәстүріңді баққаның - үмітіңді жаққаның» деген халық даналығының астарында терең мән жатқаны рас. Салт-дәстүрін сақтап, ұлттық құндылықтарын қастерлей білген халықтың іргесі берік, келешегі кемел болмақ. Әрбір ұлттың өзіндік болмысы, дүниетанымы, өмір сүру дағдысы мен мәдени ерекшелігі бар. Өзге елге сапар шеккен адам сол айырмашылықтарды көріп қана қоймай, өз халқының қадір-қасиетін, артықшылықтары мен кемшіліктерін де бағамдай түседі. Мұның өзі Жаратушының әр халыққа өзіндік ерекшелік пен тағдыр сыйлағанының айқын көрінісі.

Жаңалықтар
01 шілде 2026 38
НАҒЫЗ ҚАЗАҚ - ДОМБЫРА \ Төлеби Оспан

Өкінішке қарай соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады. Ендеше ойын-сауық және музыка жайлы шариғатымызда айтылған бірқатар деректерге назар аударайық. Музыка мен әуенге қатысты риуаят көп. Ең кең тараған деректерге талдау жасап көрейік.