Ардақ Оразбай: Уақып – бизнес көзі емес
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен шілде айында Діни басқарма жанынан «Уақып» қайырымдылық қоры ашылған болатын. Қордың мақсаты – ауыл имамдарына жалақы беру, діни ағарту ісін жандандыру сынды іс-шараларға жүйелі түрде қаржылай көмек көрсету. Одан бөлек «Уақып» қоры алдағы уақытта әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, діни ағартушылық саладағы іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру секілді қызметтерді жолға қоймақ. «Уақып» қорының қызметі мен алдағы жоспарлары жайында білу үшін қор президенті Ардақ Оразбаймен сұхбаттастық.





































