ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ
Бұл дүниедегі барлық пенде жұмақ ұғымын азды-көпті біледі, түсінеді. Өйткені жұмақ сөзінің өзі адам баласына бұл өмірде қуаныш сыйлайтын, көңіліңді жұбатып, бақытты ғұмырға жетелейтін, ал о дүниеде әрбір пенде аңсайтын мекен. Адам баласы бұл дүниеде жәннатты көре алмағанымен Құран және хадистерде келген мәліметтер бойынша сенеді, иланады. Соның негізінде жұмақты аңсайды, «соңғы тұрағымның мекені болса» деп армандайды





































