Адасушылықтың алдын алудың жолы – ағартушылық
Қазақстан – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын зайырлы мемлекет. Мемлекетіміз жүргізетін саясат ұлттар арасындағы татулықты сақтап қана қоймай, олардың өзара түсіністікте, тең құқықта өмір сүруін қамтамасыз етуде. Қазақстанда 18 қазан күні конфессияаралық татулықты ту еткен Рухани келісім күні аталып өтіледі. Еліміздегі этнобірлестіктер де әр түрлі конфессиялар арасындағы келісімнің нығайғандығын айғақтайды. Бір ғана Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде 19 этнобірлестіктің тату-тәтті үйлесімді қызмет етіп келе жатқандығы, осының бір айғағы.





































