Нұрлыбек Шакизадаұлы: Тәуелсіздік – Алланың берген үлкен нығметі
Әлемдердің Раббысы Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың», – деп айтқан. Демек, жер бетінде жаратылған ұлттардың ішінде болуымыз бір бақыт болса, баянды тәуелсіз ел ретінде жасау өз алдына бір бақыт.



































