Мақалалар
28 мамыр 2023 98
ИСЛАМ – ҚОҒАМДЫҚ ДІН

Дінсіз адам болғанмен дінсіз қоғам болмайтыны белгілі. Дінсізбін деп жарияға жар салған пенденің де бір сенімі бар. Біздің айтпағымыз, ең әуелі жүректегі сенім дұрыс болса, ұстаған діні таза болады. Ислам – тазалық пен ізгіліктің, имандылықтың жолы. Құранда былай делінген: «Алланың құзырында қабыл болатын хақ дін – Ислам» («Әли Имран» сүресі, 19-аят).

Мақалалар
27 мамыр 2023 82
ТҮС ЖОРУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Ұйықтап жатқанда түс көру – пенде баласына тән тылсымның бірі. Көп адам «түс – тәңірдің аяны» деген сеніммен көрген түсінің «құпиясын» ашуға тырысады. Енді біреулер «түс – түлкінің тезегі» деп, қолды бір сілтеп, мән бермейді. Ұйықтау және түс көру – Алланың кереметінің бірі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Түнгі және күндізгі ұйқыларың әрі Оның кеңшілігінен ризық-несібелеріңді табуларың – Оның айқын дәлелінің бірі. Міне, осының өзінде құлақ асатын жандар үшін айқын белгілер бар», – деген («Рум» сүресі, 23-аят). Ендеше, түс жорудың дініміздегі үкімі қандай?

Мақалалар
27 мамыр 2023 76
«ТАХИЯ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Талайдан бері айтып келе жатырмыз біздің түбімізге «тахияшылар» жетеді деп. «Тахия» дегеніміз не? Сөздік мағынасы – жасыру, бүркеу, тығылу. Терминдік мағынасы – көпшіліктің ығына қарай шынайы бет-бейнесі мен мұрат-мақсатын жасырып, өзіне басқаша шырай, сүйкімді келбет, әдемі реңк беру.

Мақалалар
27 мамыр 2023 73
«АТА ЖОЛЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?

Қазақ – ежелден ұрпақ сабақтастығы мен ата-баба дәстүрінің сақталуына аса мән беріп қараған халық. Сондықтан болар ата бабамыздың жолын ұстанып, оған барынша құрмет көрсетіп келеміз. Алайда ата-бабамыздың рухани мұрасына деген халқымыздың ықыласын кейбір ағымдар өз пайдасына асырғысы келетіндей. Мысалы, бүгінгі таңда өзіне «Ата жолы» деген атауды айдар қылып, шын мәнінде ата жолымызға қабыспайтын әрекеттерімен көзге түскен ұйымды масс медиадан жиі жолықтырамыз. Осы тұста «Ата жолы» шын мәнінде ата салтты жалғаушы ма?», «Олардың еліміздегі қызметі қандай?» деген сауалдар туындайды.

Мақалалар
21 мамыр 2023 65
МАДХАЛИЗМ ЖАМАҒАТЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Мадхалиттер – Рабиғ ибн һади Ғұмайр әл-Мадхалидің көзқарасын ұстанатын, «шариғат негізінде қоғам құруға» бағдарланған сәләфилік сенімдегі жамағат. Бұл жамағат 1990 жылдардың басында Сауд Арабиясында орын алған саяси жағдайларға байланысты, сәләфия өкілдерінің ортақ ұстанымы жоқтығы себебінен пайда болған бірнеше қозғалыстың бірі ретінде қалыптасты.

Мақалалар
20 мамыр 2023 648
ТАҒДЫРҒА РАЗЫЛЫҚ ТАНЫТУ

Тағдыр дегеніміз не? Әуелі осыған тоқталсақ. Тағдыр араб тілінде «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, ша­ри­ғат­ термині бойынша Алла Тағаланың әу ба­ста болатын бар­лық нәрсені жа­рат­па­стан бұ­рын шек­сіз ілі­мі ар­қы­лы ег­жей-тег­жейіне дейін білуін және оларды бел­гі­лі бір өл­шем­ге қа­рай реттеуін, жүйе­леуін, арнайы бел­гі­леуін «тағ­дыр» дей­міз.

Мақалалар
18 мамыр 2023 500
Ғылым – Алланың бір есімі

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис шарифінде: «Алла Тағаланың тоқсан тоғыз көркем есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жаннатқа кіреді»,- деген (имам Бухари, китабул шурут – 1193).

Мақалалар
07 мамыр 2023 186
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТІ

Әр халықтың бойында ежелден қалыптасқан белгілі-бір қасиеті болады. Көңілінің дарқандығы, кеңдігі һәм жомарттығымен танылған қазақ халқының қанына сіңген осындай қасиеттің бірі – қонақжайлық.

Мақалалар
05 мамыр 2023 79
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Баланың тәрбиесі мен білімін балабақша мен мектептегі ұстазға тапсыра салмай, ең алғашқы әрекетті ата-ана жауапкершілікпен өз тарапынан қолға алу керек екенін түсіну керек.

Мақалалар
04 мамыр 2023 68
АДАЛ РИЗЫҚ ЖӘНЕ АДАЛ КӘСІПКЕРЛІК

Алла Тағала жер бетінде сансыз нығмет жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Әр уақыт пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал, ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыдан бойын аулақ ұстауы қажет

Мақалалар
04 мамыр 2023 64
КЕШІРІМДІ БОЛСАҢ – ЖӘННАТҚА ЖЕТЕСІҢ

Мұсылман адамның бойынан табылуы тиіс ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік. Өмірде кемшіліксіз адам болмайтындығын ескеретін болсақ, отбасы мүшелерінің, туыстардың, дос-жарандардың, қызметтес адамдардың қарым-қатынасында осы кешірімділік сипаты аса қажет. Себебі адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, кешіріммен қарау адами байланысты үзіп алмау үшін аса маңызды

Мақалалар
04 мамыр 2023 57
АТ ТЕРГЕУДІҢ АСТАРЫНДА НЕ БАР?

«...Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып, тез келіңіздер!..» Бұл – Өзенбай мен Қамысбай, Қойлыбай мен Қасқырбай, Қайрақбай мен Пышақбай деген қайнағаларының атын атай алмай, қорадағы қойға қасқыр шапқанын көріп, көмекке шақырған келіннің тауып айтқан сөзі. Ат тергеуге қатысты әңгіме бола қалса, осы тауып айтылған сөз бірден ойға келеді.

Мақалалар
03 мамыр 2023 77
ӨЗГЕНІ ҚУАНТУ – САУАПТЫ ІС

Ислам діні құлшылықта, адамдармен қарым-қатынаста жеңілдікті ұстанады. Себебі әрдайым үрейлендіру, қиыншылық тудыру, дінді ауырлату адамның еңсесін түсіріп, жігерсіз қылады.

Мақалалар
01 мамыр 2023 117
ЖҮРЕКТІҢ ДЕРТІ

Қоғамдағы проблемалардың басым көпшілігі адамдардың жүрегіне және оның дерттеріне байланысты.