ИСЛАМНЫҢ БАСТЫ МҰРАТЫ – АДАМЗАТТЫ БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕУ
Ислам тәлімінде қызғыштай қорғалатын бес құндылық бар. Ол – дін, адам өмірі, ой-сана, ұрпақ және адам меншігі. Құран мен сүннетте бұл бес ұғым ардақталады және қастерлі деп есептеледі. Ешкімнің ешқандай жағдайда бұл құндылықтарға қол сұғуына шариғат рұқсат етпейді. Әрине оның белгілі талаптары мен шарттары да бар. Аладай заманауи ақпараттарда Исламның аталған заңдары бұрмаланып ұсынылуда.





































