Қазақстан қарилары
13 наурыз 2026 88
ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН – МҰСЫЛМАН ЖҮРЕГІНІҢ КӨКТЕМІ

Құран – Алла Тағаланың шексіз мейірімі мен рақымының айқын көріністерінің бірі, адамзат баласына тура жол нұсқаушы қасиетті кітап. Бұл кітап – тек бір қауымға немесе белгілі бір уақытқа ғана арналмаған, ол қияметке дейінгі бүкіл адамзатқа бағыт-бағдар беретін мәңгілік иләһи жолбасшы.

Жаңалықтар
11 наурыз 2026 57
ТЕҢДЕССІЗ УАҚЫТТЫҢ ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ

ЖЕР ЖҮЗІНДЕГІ БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІН БІР СӘТТЕ ТЕРБЕЙТІН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН – ПЕНДЕНІ РУХАНИ БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ТЕҢДЕССІЗ УАҚЫТ. БҰЛ АЙ – ТЕК АШТЫҚ ПЕН ШӨЛГЕ ТӨЗУ ЕМЕС, БӘЛКИ ЖҮРЕКТІ ТӘРБИЕЛЕП, САНАНЫ СЕРГІТЕТІН, САБЫР МЕН ШҮКІРДІ ӨМІР САЛТЫНА АЙНАЛДЫРАТЫН БЕРЕКЕЛІ МЕЗГІЛ.

Жаңалықтар
10 наурыз 2026 50
ӘЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ

Қазақ халқында: «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі мол екенін аңғартатын мағына жатыр. Өйткені, қоғамның, тіпті әлемнің дамуы мен оның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің мол үлесі бар екені ақиқат.

Жаңалықтар
09 наурыз 2026 210
САБЫР

Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті.

Жаңалықтар
06 наурыз 2026 90
АТА-АНАҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ПЕРЗЕНТТІК МІНДЕТ

Ата-ана – адам баласы үшін ең жақын әрі ең қастерлі жандар. Олар бізді дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп өсірді, өмір жолына бағыт берді. Сондықтан ата-анаға жақсылық жасау – тек адамгершілік қағидасы емес, әрбір перзенттің мойнындағы қасиетті борышы. Әке – маңдай терімен нәпақа тауып, отбасының жүгін көтерген тірек болса, ана – жүрек мейірімімен әлдилеп, шексіз қамқорлығы мен жан жылуын төгіп өсіретін шапағат иесі.

Жаңалықтар
06 наурыз 2026 101
ТӘФӘККУР (ЖАН-ЖАҚТЫ ОЙЛАУ, ОЙ ЖҮГІРТУ)

Ислам дінінде ақылдың, терең ойланудың маңызы өте зор. Оны тәфәккүр деп атайды. Ал шариғатта тәфәккүр деп Алла Тағаланың әлемді жаратқан жаратылыстарына терең ой жүгіртіп, ғибрат алуын айтады.

Жаңалықтар
05 наурыз 2026 79
ОТЫЗ КҮНГЕ ОТЫЗ УАҒЫЗ

Дініміз Исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән беріледі, әсіресе ерлі-зайыпты адамдардың өзара міндеттері жөнінде толыққанды баяндалған. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасылық өмірінде жұбайларына мейіріммен қарайтын адал жар, балаларына көркем тәрбие беретін өнегелі әке болуы арқылы біздерге үлкен үлгі бола білді. Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған. Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор.