ИСЛАМ – ӘЛЕМГЕ ТҮСІРІЛГЕН ДІН
Адамзат баласын түрлі ұлт пен ұлыс етіп жаратуы – Алла Тағаланың хикметі. Әрбір ұлттың өзіндік ерешеліктері, тілдері мен салт-дәстүрінің айырмашылығы бар. Дін ислам әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, Алла Тағаланың әмірлеріне бағынып, тыйыл дегендерінен тыйылуға шақырады. Өйткені бұл дін бүкіл адамзат үшін түсірілген. Сонымен қатар исламда дінді бір ұлт жекешелеп алуына, өзін ғана тура жолда санап өзгені кемсітуіне жол берілмейді. Алланың құзырында адамның дәрежесі оның қандай да бір ұлт иесі болуына байланысты емес, тақуалығына байланысты болмақ.





































