Жаңалықтар
25 мамыр 2026 48
МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Құрбан айт – мұсылман әлеміндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Бұл мейрам тек діни рәсімдермен ғана шектелмей, адамзатқа мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттерді насихаттайтын ерекше күндер. Құрбан айт – жүректерге жылулық сыйлайтын, адамдарды жақындастыратын, қоғамда ізгілікті арттыратын рухани мереке.

Мақалалар
18 мамыр 2026 75
ЫҚЫЛАС ПЕН ТАҚУАЛЫҚТЫҢ ӨЛШЕМІ

Ықылас – асыл дініміз Исламдағы мұсылманға қажетті ең маңызды қасиеттің бірі Ықылас ұғымы ниетті барлық бөтен мақсаттардан тазарту, барлық іс-амалды тек Алланың разылығы үшін жасау деген мағынаны білдіреді. Ықылассыз жасалған амалдан қайыр жоқ. Ал шынайы ниетпен жасалған кішкентай амалға үлкен сауап жазылады.

Жаңалықтар
25 наурыз 2026 184
ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚА БЕРУДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН БЕРЕКЕТІ

Асыл дінімізде зекет пен садақа – қоғамдағы әділет пен мейірімді нығайтатын ұлы құлшылықтар. Бұл амалдар тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді, пенденің жүрегін тазартып, мал-мүлкіне береке дарытатын, қоғамға игілік келтіретін рухани тетік. Зекет – парыз, ал садақа – ерікті құлшылық. Бұл екеуінің де түпкі мақсаты ортақ – адам баласын сараңдықтан арылтып, жомарттыққа тәрбиелеу және әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау.

Жаңалықтар
24 наурыз 2026 138
АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ

Адалдық – Исламдағы адамгершілік құндылықтардың бірегейі, иманның ажырамас бөлігі, сауатты, әділетті қоғамның негізі. Бұл қасиет мұсылманның тек жеке мінез-құлқын ғана емес, отбасыға, көршіге, қоғамға, жануарларға, тіпті табиғатқа деген қарым-қатынасын да қамтиды. Адалдық – адамның рухани деңгейінің, тақуалығының, ықыласының өлшемі. Алланың разылығына ұмтылған жан адалдықты әрдайы өмірінің қазығы етеді.

Жаңалықтар
22 наурыз 2026 123
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕНІҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – күллі парсы және түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастарқан жайып, қонақ күтіп, батасын береді.