Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің Республика күнімен құттықтауы
Қадірлі отандастар!
Сіздерді айтулы ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігінің асқақ символы, тарихымыздың алтын парағы. Асыл дініміз Исламда Отанды сүю, елдің тыныштығы мен бірлігін сақтау — имандылықтың көрінісі деп саналады. Біздің басты байлығымыз — елдегі бейбітшілік, өзара түсіністік пен ауызбіршілік.
Ынтымақ пен бейбітшілікті ту еткен мемлекетіміздің дамуы жолында әрбір азаматтың қосқан үлесі зор. Жаратушы Иеміз қасиетті жерімізге береке, халқымызға амандық нәсіп етсін. Түрлі ұлт пен ұлысты бауырына басқан жомарт еліміздің ауызбіршілігі әрдайым бекем болғай.
Алла Тағала елімізді ішкі және сыртқы пәле-жалалардан сақтап, әрбір отбасына бақ-береке берсін. Мереке құтты болсын!
Амантай Садиев
Ақтөбе облысының Бас имамы



































