ОСМАН ҚАРИ ШАХИН: ҚҰРАН ЖАТТАУ – ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ АМАЛ
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай өткен ІI халықаралық Құран жарысында қазылар алқасының мүшесі Түркия Дін істері басқарма басшысының орынбасары Осман қари Шахин жарыс жөнінде пікір білдірді.
«Қазақстанда ұйымдастырылып отырған ІІ халықаралық Құран жарысына да төрелік жасау бұйырған екен. Түркияның атынан Мухаммад Есед Ерзинджан қариымыз да қатысты. Ақиқатында, Құран Кәрімді жаттау, қари болу жер бетінде Құранның қорғалуы, сақталуы деп түсінеміз. Өйткені, Алла Тағала «Хижр» сүресінің 9-аятында: «Құранды біз түсірдік және оны біз қорғаймыз...», – дейді. Демек, Құран Кәрім толықтай уахи етілгеннен бері қарилардың жаттауы және кітап қылып басып шығару арқылы бір әрпі де өзгерместен бүгінге дейін жетіп отыр. Құранды жаттау – үлкен абырой, құрмет, қол жетпес даңқ. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Үмбетімнің абыройлылары, құрметке лайықтысы – Құран қарилары», – деп айтқан. Яғни, осындай Құран жарысын ұйымдастырып, Құран жарысын ұйымдастыру – абыройлы міндет деп білеміз. Қариларды қолдау – Құранға деген құрметтің белгісі. Ал мұндай рухани шаралардың ұйымдастырылуын Құран Кәрімнің қорғалуы, сақталуы деп түсінсек болады. Осы орайда халықаралық Құран жарысын ұйымдастырушы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына, қонақжай қазақ еліне алғысымды білдіремін»,- деді Осман қари Шахин





































