Құранды әдемі оқу үшін қирағат мақамын үйрену бидғат па? 2302

Құранды әдемі оқу үшін қирағат мақамын үйрену бидғат па?

04 желтоқсан 2022 236 Оқу 1 минут

Алдымен осы тақырыпқа байланысты Алла тағала қасиетті құран кәрімде «Құранды мәнерлеп тұрып оқы» деген аят бар бар. Енді осы аяттағы «тәртил» деген сөздің мағынасы бір нәрсенің тәртібіне сай және әдемі жасалуы деген мағынаны білдіреді. Енді осы жердегі "тәртил" деген сөз әріптердің әдемі дыбысталуы және анық асығыссыз, байыппен деген мағынаға алып келіп тұрған секілді. Яғни Алла Елшісіне жаратушымыздың «мәнерлеп оқы» оқы деген әмірі ол әдемі әр әріптің өз хаққысын береіп асықпай оқы деген секілді мағыналарға саяды.  Айша анамыздан Пайғамбарымыздың (алланың игілігі мен сәлесі болсын) құранды қалай оқығаны жайлы сұралғанда, Ол: Егер тыңдап тұрған әріптерін санауды қаласа әріптерін санай алатын дәрежеде жеке жеке оқитын деп жауап береді. Жоғарыда келген дәлелдерге сүйене отырып, Құранды өз ырғағына салып әсемдеп оқуға және үйренуге болатындығы ортаға шығады.  Сөздің түйіні егер адам Құранды әуенмен оқуды қаласа төмендегі мына шарттарға мұқият болуы шарт. 

Құран кәрімді әдемі дауыспен әрі тәжуид қағидаларына сай оқуы керек.

Құран кәрімді өлең немесе жырлар секілді, солардың ырғақтарына салмай оқу керек. 

Құранды бақырып қатты дауыспен оқымау керек. 

Тыңдаушылардың қалауларына байланысты емес ықыласпен шын жүрекпен және мағыналарына сай екпіндерді соған сай қою қажет.