Жақсылық пен жанашырлық мерекесі
Құрбан айт — ислам дініндегі ең қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күн мұсылмандарды татулыққа, кешірімге, бауырмалдыққа шақырады. Құрбан шалудың діни мәні қандай? Қандай мал құрбандыққа жарамды? Құрбан шалуға мүмкіндігі жоқ жандар не істей алады? Осы және өзге де сауалдарға жауап алу мақсатында облыстың бас имамы Амантай Садиевпен сұхбаттасқан едік…
— Биылғы Құрбан айт мерекесі қай күнге келеді? Құрбан айт мерекесінің шариғаттағы орны қандай?
— Құрбан айт—мұсылман қауымының маңызды діни мерекелерінің бірі. Ол— Алла Тағаланың ризашылығына жетудің және игі амалдар арқылы жақындаудың белгісі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» (Құран, 108:2-3). Бұл Құрбан айттың уәжіп амал екенін көрсетеді.
Биыл Құрбан айт 6 маусымда басталады. Осы кезеңде мешіттерде спорттық жарыстар, қайырымдылық акциялары өткізіліп, мұқтаж отбасыларға құрбандық етін үлестіру жұмыстары жүргізіледі.
— Дінімізде құрбандық шалудың маңызы қандай? Негізгі шарттарын атап өтсеңіз.
— Құрбандық шалу — Аллаға жақындаудың ерекше жолы. Ол уәжіп амалға жатады. Демек, орындалуы парыз емес, бірақ сүннет пен парыз аралығындағы міндет. Құрбандық шалушы мұсылман болуы, балиғат жасына толуы және нисаб мөлшерінде малы болуы шарт. Нисаб сөзі, араб тілінен аударғанда «мөлшер» деген мағынаны білдіреді. Ислам шариғатында нисаб — зекетті парыз ететін байлықтың ең төменгі шегі. Яғни адамның иелігіндегі мал-мүлік, ақша немесе басқа байлық осы шектен асқан кезде ғана ол зекет беруге міндетті болады.
Нисаб мөлшері байлық түріне қарай әртүрлі. Мысалы, қой мен ешкінің нисабы — 40 бас, ірі қара — 30 бас, түйе — 5 бас. Егер осы мөлшерден аз болса, зекет беру парыз емес. Ал алтынның нисабы шамамен — 85 грамм, күмістікі 595 грамм шамасында.
Жалпы, зекеттің негізгі мақсаты — бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайту, қоғамдағы әділеттілікті нығайту және мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Сондықтан да зекет мұсылманның тек діни ғана емес, әлеуметтік міндеті ретінде де саналады. Жер өнімдерінен берілетін зекет «ұшыр» деп аталады. Ол — жаңбыр суымен суарылған өнімнің оннан бірі, ал шелекпен суарылған өнімнің жиырмадан бірі ретінде есептеледі.
— Қандай мал құрбандыққа жарайды?
Құрбандыққа шалынатын малдар:бір жастан асқан қой мен ешкі, екі жастан асқан сиыр, бес жастан асқан түйе. Сонымен қатар мал сау болуға тиіс. Жүре алмайтын, ақсақ, соқыр, тістері жоқ, мүйізі сынған немесе денесінің маңызды бөліктері жарамсыз мал құрбандыққа жарамайды.
—Мал шалуға жағдайы келмейтін адамдар не істеуі керек?
—Егер жағдайы келмесе, құрбандық шалу уәжіп болмайды. Мұндай адамдар мереке күні отбасы мүшелеріне сыйлық беріп, жақындарын құттықтап, игі істер жасау арқылы мерекені лайықты түрде қарсы алуы керек.
— Айт намазының маңызы мен оқылу тәртібі қандай?
— Құрбан айт намазы — мұсылман үмбетінің ұлық ғибадаттарының бірі. Бұл — тек намаз ғана емес, тұтас жамағаттың бірлігі мен ықыласын көрсететін діни рәсім. Намаз арқылы мұсылмандар Алланы еске алып, оған шүкіршілік істеді, Құрбан айттың келгеніне қуанады. Құрбан айт намазы шамамен күн найза бойы көтерілген кезден бастап оқылады. Ол екі ракағаттан тұрады.
Намаздан кейін имам мінберге шығып, айт құтпасын оқиды. Құтпада құрбан шалудың үкімдері, оның маңыздылығы, шариғи шарттары, мұқтаждарға көмек берудің сауапты амал екені айтылады. Бұл— жамағатқа діни насихат айтылатын, рухани тәрбие берілетін маңызды сәт.
Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Құрбан айт күні ең абзал амал — құрбандық шалу»,— деп айтқан. Сондықтанайтнамазынақатысужәне оны жамағатпеноқудыңсауабыөтеүлкен. Бұл— мұсылмандыруханитазартып, қоғамменбіріктіретінқұлшылық.
— Құрбан айт кезінде мұқтаж жандарға көмектесудің маңызы туралы не айтасыз?
— Құрбанайт— тек құрбандық шалу ғанаемес, соныменқатаржомарттық пен қамқорлықтың, бауырмалдық пен әділеттіліктің көрінісі. Құрбандық етін мұқтаждарға тарату арқылы біз қоғамдағы әлеуметтік теңгерімді сақтауға, адамдар арасында мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға үлес қосамыз. Бұл—Алланың разылығына бөленудің және өзіміздің пенделік борышымызды өтеудің бір жолы. Пайғамбарымыз: «Жақсылық жасаған адам он есе сауапқа ие болады», — деген. Яғни бір ғана жақсылық бірнеше есе сауапқа айналады. Құрбандық еті үшке бөлініп, бір бөлігі өз отбасына, бір бөлігі — туған-туыстарға, үшінші бөлігі мұқтаждарға берілуі — осы теңдіктің белгісі. Бұл амал арқылы қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық жасалады.Сонымен қатар Алла Тағала «Хаж» сүресінің 36-аятында: «Сол ірі қара малды (құрбандық ретінде) сендер үшін Алланың (шариғат белгілеген) рәсімдерінің бірі қылдық. Онда сендер үшін қайыр бар. Ал енді оларды сапқа тұрғызып бауыздаған кезде, оның етінен жеңдер әрі мұқтажға да, тіленшіге де жегізіңдер…»— деп бұйырған. Демек, бұл рәсімде үлкен тәрбие бар. Мұқтажға көмектесу — Алланың бұйрығын орындаумен қатар, жүректегі мейірім мен кішіпейілдікті арттыратын амал. Осы орайда мынадай бір тағылымды оқиға бар: Бірде Айша анамыздан Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Бізге құрбандықтан не қалды?» — деп сұрайды. Айша анамыз: «Тек бір сирағы ғана қалды», — деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз: «Керісінше айт, бір сирағынан басқасының бәрі бізге қалды», — дейді. Мұндағы терең мағына Алла жолында берілген садақа, үлестірілген құрбандық етінің барлығы адамның ақыретіне сауап ретінде қайтады. Шын ниетпен берген ешнәрсе жоғалмайды, ол Алланың құзырында сауап болып жазылады.
— Онлайн құрбан шалуға қатысты мешіттің немесе діни басқарманың ұстанымы қандай?
— Онлайн құрбан шалу үшін азаматтар ҚМДБ-ның ресми сайты — qurban.muftiyat.kz платформасы арқылы тапсырыс бере алады. Онлайн құрбан шалу қызметі биыл да жалғасып, халыққа ыңғайлы әрі сенімді әдіс ретінде ұсынылады. Бұл әсіресе сапарда жүргендерге және шалуға мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы.
2020 жылы алғаш рет онлайн құрбан шалу жүйесі іске қосылған кезде расымен біраз қиындық туындады. Әсіресе тапсырыстарды қабылдау, етті тарату барысындағы ақпараттың жетіспеушілігі, сенім мәселелері болды. Алайда бүгінде бұл жүйе толық жетілдірілді. Қазір әрбір құрбандық шалынған сәттен бастап оның сойылуы, жіліктелуі, мұқтаждарға жеткізілуі — бәрі фото және видео есебімен тіркеліп, тапсырыс берген азаматтарға жолданады. Бұл халықтың сенімін арттырып, құрбандықтың әділ де ашық өтуіне үлкен сеп болуда.
— Құрбан айт кезінде экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларды сақтау туралы не айтасыз?
— Облыс бойынша құрбандық шалу рәсімдері санитарлық талаптарға сай, арнайы рұқсат етілген орындарда өтеді. Атапайтсақ, «Есік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Молдабеков» жекекәсіпкерлігі, «СПК Айбек», «2086 ауылшаруашылықөндірістіккооперативі», «Дала Ел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қасымов» жекекәсіпкерлігісындыорындарбекітілген. Соныменқатарауданорталықтарындағы мал союғаарналғанорындар да жұмысістейді.Қанды ағызып жіберу, малдың саулығын растайтын құжаттарды тексеру, қоқысты дұрыс жинау — міндетті талаптар қатарында.
Құрбандық малын шалар кезде ниет өте маңызды. Бұл — жай ғана мал сою емес, Алланың разылығы үшін жасалатын құлшылық. Мал иесі «Бисмилләһи Аллаһу әкбардеп, Алланың атымен сойып, оны өз атынан немесе басқа біреудің атынан құрбан етіп шалып жатқанын ниет етуге тиіс. Құрбан шалынатын малды қинамай сойған абзал. Қан шыққаннан кейін ғана құрбан шалынған деп есептеледі.
— Облыс бойынша қанша мұқтаж отбасы бар? Құрбандық етін алу үшін өтініш берген мұқтаж отбасылар бар ма?
— Жыл сайын облыс бойынша құрбандық етін алу үшін шамамен 3000-4000 отбасы өтініш береді. Облыстық мешіттің өзіне 300-ге жуық отбасы өтініш жібереді. Мұқтаж отбасылардың тізімі жергілікті әкімдіктер мен әлеуметтік қызметтерден алынады. Бұл тізімдер негізінде үлестіру жұмыстары жүргізіледі.
— Құрбандық етін үлестіру кезінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін және оларды шешу үшін қандай шаралар қабылданады?
— Қиындықтар аз болғанымен, логистикалық мәселелер кейде кедергі келтіруі мүмкін. Әсіресе шалынған етті уақтылы жеткізу, мұқтаж отбасылардың нақты тізімін үйлестіру бұл үлкен ұйымдастырушылықты талап етеді. Бұл ретте мешіт қызметкерлері мен еріктілер жүйелі түрде жұмыс атқарады. Алдын ала жоспарлау мен жеткізу жолдарын нақтылау арқылы бұл қиындықтар шешімін табады. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен жеке азаматтардың қолдауы осы жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.
— Айт қарсаңындағы тілегіңіз…
— Құрбан айт мерекесі— мал шалу ғана емес, рухани тазалық пен жақсылыққа шақыру. Бұл мейрамда бір-бірімізге жақсылық жасап, бауырмалдық пен кешірімді арттыру керек. Баршахалыққатыныштық, амандық, берекетілеймін.
Сұхбаттасқан Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ
https://aqtobegazeti.kz/?p=162663