Ақтөбе: Рамазан айында 167 000 ораза ұстаушы жанға ауызашар мен сәресі беріліп,  30 000 адамның сұрағына жауап берілді (Фото) 1674

Ақтөбе: Рамазан айында 167 000 ораза ұстаушы жанға ауызашар мен сәресі беріліп, 30 000 адамның сұрағына жауап берілді (Фото)

06 мамыр 2022 169 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Рамазан айында 891 шара аясында 169 552 отбасыға көмек берілді.

Атап айтқанда ҚМДБ «Зекет» және қайырымдылық» бойынша «Рамазан қоржыны» жобасы аясында 38 іс-шара өтіп, 681 мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық көмек берілді. «Қолдан қолға» жобасында 21 іс-шара бойынша 107 отбасыға қаржылық көмек, «Ел үлесі пәтерге» жобасымен көпбалалы 2 отбасыға пәтер табысталды.

Сонымен қатар балаларға қасиетті айдың қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында 667 отбасыға «Рамазан тәттісі» (12 іс-шара ) үлестірілсе, 32 отбасыға киім-кешекпен, зекетті насихаттау мақсатында 296 отбасыға (13 іс-шара), «Рамазан шатыры» жобасында 155 000 отбасыға 750 іс-шара қамтылып, 1 мешіт пен медреселерге көмек ретінде, 9 отбасыға «Өмірге үміт сыйла» аясында көмек жасалынды.

«Ауызашар» себеті бойынша 15 шара өтіп, 758 отбасы қамтылды. «Сәресі» бойынша (27 шара) 12 000 отбасыға берілді.

Уағыз-насихат бойынша 220 рет уағыз-насихат айтылып, 155 392 адам қамтылса, 122 рет онлайн дәріс өткізіліп, 119 701 қаралым болды.

Пәтуа және сұрақ-жауап бойынша 30 000 сұраққа жауап берілді.

Оқу-ағарту бойынша күнделікті 470 ер, 604 әйел адам дәріске қатысты.

Ақпарат және ағарту бойынша 88 сұхбат берілді. Оның 37-сі Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының сұхбаты. Ал 60 мақала жарық көрді.

Әлеуметтік желілерде және https://nurgasyr.kz/ сайтында 2815 жаңалықтар мен 218 видео жарияланды. Қасиетті Қадір түнінде қасиетті Меккеден тікелей қосылым болды. 30 күн бойы онлайн және офлайн  Құран Хатым етіліп, дұғасы жасалды. Әр аптаның дүйсенбі күні @nur_gasyr парақшасында облыстың Бас имамы «Имам мінбері» сағатын өткізіп, Рамазанға қатысты оқырман мен көрермен сұрақтарына жауап берді. Ал әр аптаның жұма күні облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикова «Ғибрат» жобасы аясында қасиетті ай туралы дін мамандарымен сұхбат өткізді.

Сонымен қатар өкілдіктің әлеуметтік парақшаларында 30 күн бойы Рамазан туралы сұрақ-жауап ретінде пост банерлер мен ғибратты сөздер жарияланды. Одан бөлек @nur_gasyr парақшасында «Бақытжан» мешітінің наиб имамы Еламан Кәрім «Намаз оқып үйренейік» дәрістерін жүргізді.

Одан өзге өкілдіктің https://vm.tiktok.com/ZSdDYVRAR/ парақшасы ашылып, 16 күнде 23 видео жарияланды. Оған 175.000 лүпіл басылып, 2 млн 300 000 каралым жинады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі