Рухани үндестік – бірліктің бастауы 3101

Рухани үндестік – бірліктің бастауы

13 қараша 2023 62 Оқу 1 минут

Әлімсақтан адам баласының дүние-мүлкінің, ақшасының, малының көптігі байлық емес, рухани құндылығы қалыптасқан адамның жоғары тұрары ақиқат. 

Оны бізге дейін қаншама дарынды, есімдері ғасырдан-ғасырғажетіп келе жатқан ата-бабаларымыз айтып та, жазыпта кеткен. Ал рухани байлық адам жанына оқу, білім, ізденіс арқылы тұрақтайтыны анық. Ол туралы ІХ ғасырдан бастап ықпалды, іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212ж.ж) бізге жеткен Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» еңбегінде білімнің, оқудың рухани дамудың негізі екендігін анық көруге болады. Себебі сол бағытта айтылған кеңестерді аталған шығармадан көптеп кездестіру қиын емес. Мәселен, «Қол ұмсынып, білім іздеп терледім, Сөзді сөзге өріп, тізіп зерледім» [1. 621б],- деген жолдардан рухани құндылықтың әсерлі сөздер, насихат арқылы қалыптасатынын аңғару қиын емес.

Адамның жан дүниесін байытып, рухани әлемін кеңейтуде ислам

дінініңде алар орыны ерекше. Ақиқат діңнің негізгі ұстанымы адамдарға ізгілік қасиеттерді насихаттап, рухани құндылықтарды бағалауға шақыру екенін еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін білетіні жасырын емес.

Ислам тарихындағы төрт халифа атанған жандардың барлығы алдымен рухани бай, барлық жақсы қасиеттер мен ізгілікті бойына сіңірген адамдар болғаны белгілі. Тек қана бір мысал келтіре кетсем, Әбу Бәкір Әс-Сыдық халифа «исламға дейін сауда-саттықпен айналысып, мұсылман болған мезетте қолында 40 000 дирхамы болған. Қолындағы барлық қаражатын исламды жеткізу жолына жұмсады. Әсіресе исламды қабылдаған құлдарды азат етуге жұмсаған болатын» [2. 21б],-деп атақты Халифаның бойындағы асыл қасиеттердің шынайы көрінісін жеткізеді. Ал ондай қадамға сол дәуірде жаны рухани байлыққа толы адамдар ғана бара алатын. Бұл бағытта исламнан том-томдап мысалдар келтіре беруге болады. Сондықтан атақты Халифаның бір ғана мысалы арқылы адам жанының жауһарын тиісті деңгейде ашып өтуді жөн көрдім.

«Ислам – 610 жылы адамзатқа жіберілген соңғы иләһи дін» [3. 9б]. Асыл дініміз адамның болмысын жоғалтпай, рухани байлыққа жетелеп, адам бойына парасат пен ізгі қасиеттерді ұялататыны, құндылықтарды айрықша бағалап, жақсылықта адамзатты біріктіруші қасиеті бұрынан келе жатқан үрдіс және солай болып қала берері сөзсіз.

Ал біздің тарихымыз бен әдебиетіміз де адам жанының рухани айнасы. Көнеден келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен ерекше ырым-тиымдарымыз, тарихымыз бәрі адам жанының рухани байлығы ғана мемлекеттің ынтымағы мен бірлігін сақтап, одан әрі гүлденуге жол ашатынын дәлеледеп келеді. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, салт-дәстүрімізді насихаттау арқылы жастардың бойына потратизм мен рухани әлемін байытуға қосар орасан зор үлес деп білемін.

Көктуы көкте желбіреп, әнұранын әлем таныған айдынды мемлекетіміздің әрбір адамының рухани байлығы біздің ауызбіршілігімізді нығайтып, ынтымағымызды арттырып, рухани үндестік пен бірліктің бекемдігі Қазақстан Республикасын айбынды да қуатты мемлекетке айналдырады деген сенімдемін.

 

Марал Иманғали 

Мәртөк ауданының Бас имамы

 

Пайдаланы әдебиеттер тізімі:

1. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік», «Өлке» баспасы 2006 жыл, 621 бет.

2. Қ.Құрманбаев, Е.Есімқұлов «Ислам тарихы» Әділетті бес халифа кезеңі

(хижараның 11-40/632-611ж.ж.) 2-кітап, Алматы 2018 жыл, 21 бет.

3. Смайыл Сейтбеков «Мәсһабтар тарихы» 2-басылым, Алматы 2015 жыл, 9 бет.