Қарғалы: «Момын ата» мешіті заманауи күрделі жөндеуден өтті
Қарғалы ауданы, Қос-Естек ауылындағы «Момын ата» мешіті күрделі жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне жаңартылған күйде ұсынылды.
«Тайқазан» жобасы: Облыстық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
«Қабақ баба» мешітінің асханасы жаңартылды
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің асханасы күрделі жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне жаңартылған күйде ұсынылды. Игі іске мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы мұрындық болып, ондық алқа мүшелері мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.
Мысыр елінде ілім алып жатырған студентке 250 000 теңге табысталды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның студенттерді қолдау акциясы аясында «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Аслан Қорғанның ұйымдастыруымен Мысыр елінде ілім алып жатырған студентке 250 000 теңге қаржымен қолдау білдірді.
Ойылда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
«Ислам және отбасы құндылығы» жыл аясында Ойыл ауданында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында көмек берілді
Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 24 отбасыға азық-түлік табысталды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры аналар мен балаларға қуаныш сыйлады
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Мамандықтар мектебі» әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласына іргелес орналасқан Пригород елдімекеніндегі оқу орталығында қысқа мерзімді тегін тігін курсы ұйымдастырылды.
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жылдық тапсырмасы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізіп, облыстың Бас имамы Амантай Садиев, өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әли қатысып, 1134 оқушыға сөмке мен мектеп құралдарын табыстады.
Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің тағайындалғанына 1 жыл
Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің тағайындалғанына 1 жыл
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің тағайындалғанына 1 жыл (ФОТО)
30 жылға жуық еңбек өтілі бар, білімді де білікті Амантай Садиевтің Ақтөбе облысының бас имамы қызметіндегі 1 жылдың қорытынды есебіне шолу жасасақ.
«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры 60 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады
РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына келген іс сапары барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысып, 60 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады.
«Ел үлесі пәтерге»: 850-ші баспана Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі отбасыға табысталды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Ақтөбе облысы өкілдігінің қолдауымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 850-ші баспана Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында мүмкіндігі шектеулі отбасыға табысталды.
Ақтөбе: 17 жылдан кейін облыстық мешіттің кілемі қазақы үлгіде толық жаңартылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет 2025 жылды «Ислам және отбасы» құндылығы деп бекітіп, осы жыл аясында барлық мешіттерді қазақы үлгіге сай жабдықтауды тапсырған болатын. Осыған орай Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев шұғыл әрекетке көшіп, жергілікті жамағат пен белді кәсіпкерлердің басын қосып, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кілемі қазақы үлгіде жаңартылды.
Шалқарда «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті
Бүгін Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 17 отбасыға азық-түлік табысталды.




































