Тарихи мешіт айтта 82 отбасыға қуаныш сыйлады 6412

Тарихи мешіт айтта 82 отбасыға қуаныш сыйлады

29 мамыр 2026 19 Оқу 1 минут

Құрбан айт мерекесінде Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж 82 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

Игі шара барысында мешіттің наиб имамдары Қанат Қасымов пен Ерәлі Құлмағанбетұлы отбасыларды мешітке арнайы шақырып, құрбандық еттерін табыстады. Сонымен қатар жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мұсылман қауымын бірлікке, бауырмалдыққа және қайырымдылық жасауға үндеді.

Аталған шара Құрбан айт күндеріндегі ізгі амалдардың бірі ретінде жүзеге асып, мүмкіндігі шектеулі, көпбалаы, жалғызбасты т.б отбасыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі