Хромтау: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлының мұрындық болуымен, «Али Жас и К» мекемесінің демеушілігімен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды.






































